ЖАҢАЛЫҚТАР

09.11.2026

KSP Steel ADIPEC 2026 көрмесінің қорытындысы бойынша халықаралық нарықтағы позициясын нығайтуда

KSP Steel компаниясы 2–5 қараша аралығында Абу-Даби қаласында (БАӘ) өткен әлемдегі ең ауқымды энергетикалық көрмелердің бірі — ADIPEC 2026 көрмесіне қатысу қорытындысын шығарды. Көрмеге қатысу нәтижесінде экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге, халықаралық іскерлік байланыстарды дамытуға және технологиялық даму саласында маңызды келісімдерге қол жеткізуге жаңа мүмкіндіктер ашылды.

27.10.2026

KSP Steel Түрікменстандағы экспорттық позициясын нығайтуда

KSP Steel «Түрікменмұнай» мемлекеттік концернімен жіксіз шегендеу құбырларын жеткізу туралы келісімшарт жасасты. Құжатқа 2026 жылғы 22 қазанда Ашхабадта «Түрікменстанның мұнайы мен газы — OGT 2026» халықаралық конференциясы аясында қол қойылды.

20.10.2026

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі KSP Steel зауытына барды

Павлодарға жұмыс сапары аясында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча «KSP Steel» ЖШС өндірістік нысандарына барды. Делегация кәсіпорынның жұмысымен, қолданылатын технологиялармен, инновациялар мен тұрақты өнеркәсіптік дамуға қатысты тәсілдерімен танысты.

20.10.2026

KSP Steel және Oil Services Company 2027–2029 жылдарға арналған құбыр өнімдерін жеткізу жөніндегі офтейк-келісімшартқа қол қойды

📌 «KSP Steel» ЖШС және «Oil Services Company» ЖШС 2027–2029 жылдар кезеңінде шегендеу және сорғы-компрессорлық құбырларды өндіру мен жеткізу жөніндегі офтейк-келісімшартқа қол қойды.

Қол қою рәсімі Орал қаласында Мұнай-газ машинасын жасауды дамыту форумы аясында өтіп, отандық құбыр өнімдерін өндіруші мен Қазақстанның мұнай сервистік секторы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

06.10.2026

KSP Steel KIOGE 2026 көрмесінде салалық ынтымақтастықты нығайтты

«KSP Steel» ЖШС 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында өткен KIOGE 2026 халықаралық мұнай-газ көрмесіне қатысты. Өңірдегі негізгі салалық алаңдардың бірі дәстүрлі түрде мұнай-газ компанияларының, жабдық өндірушілердің, сервистік ұйымдар мен технологиялық шешімдер жеткізушілерінің өкілдерін біріктірді.