Металлургиялық өндіріс

KSP Steel құбырларды илемдеу өндірісінің құйма дайындамаларды қамтамасыз ететін өзінің болат құю цехы бар. Бұл өндірістің тұрақтылығына және тапсырыс берушілердің тапсырыстарын уақытылы орындауға кепілдік береді, сондай-ақ зауыттың соңғы өнімдері сапасын тұрақты деңгейіне жету мен сақтаудың кілтті факторы болып табылады. Цех API 5L, API 5CT, ASTM, сонымен бірге ГОСТ стандарты бойынша барлық маркалы болатты шығару үшін жобаланған. Еуропаның жетекші өндірушілерімен және жобалаушыларымен, соның ішінде Danieli, Siderengineering, Vezzani, Lindemann, Siеmens-пен ынтымақтастық бірқатар технологиялық шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні KSP Steel-дің болат балқыту өндірісі жалпы өнімділігі жылына 800 мың тонна болатын екі кезеңді қамтиды. Олардың құрамына электрболат балқыту бөлімшесі кіреді, ол екі 60 тондық электр доғалы пештен (ДСП-60), екі 60 тонналы пеш-шөміш агрегатынан, вакуумдық газсыздандыру жабдығынан, сондай-ақ екі үшжылғалы болатты үздіксіз құю қондырғысынан (МНЛЗ) тұрады. Сұрыптай илемдеу өндірісі – диаметрі 10-32 мм, қуаттылығы жылына 300 000 тонна арматуралық прокат немесе диаметрі 5,5–12 мм, жылына 220 000 тонна болат катанкасының өндірісі.

 

Технологиялық процесс

 

Құбыр дайындамасының өндірісі шихтаны дайындау цехынан басталады, мұнда қара металдардың сынықтары қабылданып қайта өңделеді. Цех гидравликалық қайшылармен, сынықтарды кесуге арналған газ-оттегі посттарымен, 15-тонналық төрт электркөпір крандарымен және беріліс арбаларымен жабдықталған. Шихтаны дайындау цехында радиациялық бақылау жүргізіліп, сынықтар жарылыс қауіпсіздігіне зерттеліп, ГОСТ 2787-86 сәйкес кластар мен санаттар бойынша сұрыпталады. Қайта өңделген сынықтар теміржол көлігі арқылы №2 электр болат балқыту цехының шихта ауласына оны доғалық болат балқыту пешіне жүктеу үшін жеткізіледі.

Үздіксіз құйылатын дайындаманы (НЛЗ) өндіру технологиясының схемалық көрінісі төмендегі суретте көрсетілген.