Сапа менеджментінің жүйесі

Сапа, Сенімділік, Ашықтық және Сервис – бұл KSP Steel-дің өз серіктестерімен және тұтынушыларымен өзара әрекеттесу кезінде басшылыққа алатын негізгі қағидалары. Компания әр клиентке бизнесінің ерекшеліктеріне негізделген жеке тәсілді қолданады.

Бәсекелестік нарық жағдайларындағы өндірушілердің күресі – бұл қолданыстағы сапа жүйелерінің күресі. «KSP Steel» ЖШС-де ҚР СТ ИСО 9001-2016, API Spec. Q1, ISO 9001-2015, ГОСТ Р ИСО 9001-2015, ISO 14001, ISO 45001 стандарт талаптарына сәйкес біріктірілген менеджмент жүйесі енгізілген және ол үнемі жаңартылып отырады. Таратылу саласы жіксіз болат құбырлары, арматуралық прокат, ферроқорытпалар, ұнтақталған илемделген шарлар өндірісін қамтиды. Біріктірілген жүйе компания ішіндегі іс-әрекеттердің келісімділігі мен құрылымын қамтамасыз етеді, компанияның қаржылық және басқа шығындарын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Жоғарыда аталған стандарттардың талаптарына сәйкес «KSP Steel» ЖШС-де мыналарды анықтайды:

- Кәсіпорынның сапа саласындағы компания саясаты мен мақсаттары;

- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясат пен мақсатты көрсеткіштер;

- Экологиялық саясат пен мақсатты көрсеткіштер.

Сапа саласындағы саясат сапа мақсаттарын қоюға негіз болып, әр қызметкерге жеткізіледі және олар үшін түсінікті болады. Компания басшылығы «KSP Steel» ЖШС-нің стратегиясын анықтайды, әр қызметкер Саясат пен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге қатысады және қолдайды. Кәсіпорын менеджментінің интеграцияланған жүйесінің мәселелері жедел мәжілістерде үнемі талқыланады, олардың барысында өндірістік жоспарлардың орындалу барысы қарастырылады.

 

Кәсіпорын үнемі ішкі аудит жүргізеді. Ішкі аудиттің негізгі мақсаттары:

• Кәсіпорын менеджментінің біріктірілген жүйесінің жоспарланған іс-шараларға, API Spec. Q1, ISO 9001, СТ РК ИСО 9001, ISO 14001, ISO 45001 талаптарына, «KSPSteel» ЖШС-де әзірленген кәсіпорын менджментінің біріктірілген жүйесі құжаттамасының талаптарына сәйкестігін бағалау

• жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді, оның ішінде өнімге қойылатын талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорын менеджментінің біріктірілген жүйесі процестерінің мүмкіндігін бағалау

• кәсіпорын менеджментінің біріктірілген жүйесінің енгізілгендігін және жұмыс жағдайында қолданылатындығын анықтау

• жақсарту, түзету және/немесе алдын алу іс-әрекеттерін өткізу қажеттілігін бағалау, жолдарды анықтау және тексерілетін бөлімшеге кәсіпорын менеджментінің біріктірілген жүйесін жақсарту мүмкіндігін беру

• сыртқы құжат талаптарын орындау.       

Кәсіпорын жыл сайын жарамдылығы, үнемі жақсартылуы, нәтижелілігі мен тиімділігіне қатысты сенімділікті қамтамасыз ету үшін менеджмент жүйесін талдайды.      

«KSP Steel» ЖШС сапаны тұрақты түрде арттыруды есепке ала отырып, оның ұзақ мерзімді негізде жоспарлануын жүзеге асырады, жедел әрекетпен үйлесетін мұндай стратегия кәсіпорынға өз саласында сапа тұрғысынан көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Сапаны қамтамасыз ету мақсатында басқарушы персонал әрбір қызметкердің нұсқаулықтарға сәйкес жұмыс жасайды және өз жұмысын бірден дұрыс орындайды деген есеппен нақты жазбаша нұсқаулықтарды әзірлейді және енгізеді. Қолданыстағы нұсқаулықтарды жетілдіру қажеттілігі туындаған кезде, мұндай нұсқаулықтарды нақтылық пен дәлдіктің лайық деңгейіне дейін жеткізу бойынша барлық шаралар қолданылады.    «KSP Steel» ЖШС-де белгіленген сапа мақсаттары өлшенеді, қолданыстағы талаптарды ескере отырып, өнімнің сәйкестігін қамтамасыз етуге, тапсырыс берушілердің қанағаттануын арттыруға және мониторингке жатады.    

«KSP Steel» ЖШС тұрақты түрде өнімдердің белгіленген талаптарға сәйкес болуын және тұтынушылардың қанағаттануын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында мүдделі тараптар туралы ақпараттың мониторингі мен талдауын жүргізеді.    

KSP Steel тұрақты түрде тәуекелдер мен олардың жақсарту мүмкіндіктерін анықтайды және бағалайды, сондай-ақ тапсырыс берушілердің талаптарын орындауын және олардың қанағаттануын арттыру үшін қажетті іс-әрекеттерді жасайды. Тәуекелдерді бағалау барлық құрылымдық бөлімшелерде жүзеге асырылады.  

Кәсіпорындағы сапа менеджментінің жүйесі 2009 жылы сертификаттаудан өтті. «KSPSteel» ЖШС-не Америка мұнай және газ институтының (API) ISO 9001, APISpec.Q1 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі туралы сәйкестік сертификаттары, сондай-ақ API 5CT, API 5L стандарттарына сәйкес шығарылған құбыр өнімдеріне монограмманы қолдану құқығы туралы лицензия берілді.    

Біздің компания көптеген жылдар бойы Америка мұнай және газ институтының (API) сапа жүйесін тексеру аудитінен сәтті өтіп келеді. Сонымен қатар, «KSPSteel» ЖШС-нің Қазақстан Республикасы Ұлттық жүйесіндегі сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001 талаптарына және Ресей Федерациясы жүйесіндегі ГОСТ Р ИСО 9001 талаптарына сәйкестігі туралы сәйкестік сертификаттары бар.    

Бұл сертификаттардың қолданылуы келесі салаларды қамтиды: құбыр өнімдері, арматуралық прокат, ұнтақталған шарлар және ферроқорытпалар өндірісі.     

Сапа менеджменті жүйесінің сертификаттары рұқсат етілген құжат емес, растайтын құжат болып табылады. Біздің компанияның сапа менеджментінің жүйесі бар екендігін растайды, ол сыртқы және ішкі өзгерістерге қарамастан, тұтастай алғанда кәсіпорынның жұмысына оң әсер етеді және өнімдеріміз бен қызметтеріміздің тұрақты жоғары сапасына кепілдік береді.    

Денсаулықты сақтау және еңбекті қауіпсіздігі жүйесінің болуы біздің компанияның денсаулық пен қауіпсіздік үшін өндірістік және кәсіптік тәуекелдерді бақылайтындығын, жазатайым оқиғалар ықтималдығын азайтуға қамқорлық жасайтынын, заңнама нормаларына сәйкес келетіндігін және жалпы жұмыс тиімділігін арттыратынын көрсетеді.   

Енгізілген экологиялық менеджмент жүйесі экологиялық аспектілерді тиімді басқаруды және ұйымның табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауды растайды.

 

ISO сертификаты

Q1 сертификаты

ISO (eng) сертификаты

Q1 (eng)

ГОСТ Р ИСО 9001 бойынша РФ сапа менеджменті жүйесінің (СМК)сертификаты

ҚР СТ ISO 9001 бойынша сапа менеджменті жүйесінің (СМК) сәйкестік сертификаты