KSP Steel атынан келісімшартқа коммерциялық директор Бауыржан Қожабеков қол қойды. Келісім компанияның Түрікменстанның мұнай-газ секторымен ынтымақтастығын дамытудағы және Орталық Азия нарықтарындағы орнын нығайтудағы жаңа қадам болды.
Экспортты дамыту — KSP Steel қызметінің бағыттарының бірі. «Түрікменмұнай» концернімен жасалған келісімшарт Павлодарда өндірілген өнімді жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтіп, шетелдік тапсырыс берушімен одан әрі ынтымақтастық орнатуға негіз қалайды.
KSP Steel мұнай-газ саласына арналған жіксіз болат құбырлар өндіреді. Толық өндірістік цикл болат балқытуды, құбыр жасауды және дайын өнімнің сапасын бақылауды қамтиды. Мұндай тәсіл кәсіпорынға ішкі және экспорттық нарықтарға арналған құбырлар өндірісінің негізгі кезеңдерін бақылауға мүмкіндік береді.
Компания үшін экспорттық келісімшарттар — өндірісті дамыту және Қазақстаннан тыс жерлердегі іскерлік байланыстарды нығайту мүмкіндігі. Ал отандық өнеркәсіп үшін — қосылған құны ел ішінде қалыптасатын дайын металлургиялық өнім жеткізілімдерін ұлғайту мүмкіндігі.
OGT 2026 конференциясына қатысу және «Түрікменмұнай» концернімен келісімшартқа қол қою KSP Steel компаниясының экспортты дамыту жөніндегі жұмысының жалғасы болды. Компания өңірдегі мұнай-газ кәсіпорындарымен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға және қазақстандық құбыр өнімдерінің шетелдік нарықтардағы қатысуын кеңейтуге ұмтылады.



