«Мұнай-газ түржиынындағы құбырлар» тобындағы 2020 жылғы үздік компания

Жыл сайын «Отын-энергетикалық кешен (ТЭК) жеткізушілерінің орталығы» ресейлік рейтинг агенттігі ірі тұтынушы компаниялары арасында сауалнама жүргізеді.

Отын-энергетикалық кешен жеткізушілері рейтингінің негізгі міндеті – ірі тұтынушы компанияларын тікелей сұрастыру арқылы өнімдер мен қызметтердің үздік өндірушілерін анықтау.

Рейтинг отын-энергетикалық кешенін жеткізу нарығын ақпараттық қамтамасыз ету мен бәсекелестіктің дамуына, оның айқындылығы мен ашықтығын арттыруға, отын-энергетикалық кешен компаниялары арасында жеткізушілер туралы ақпарат алмасуға ықпал етеді.

Рейтингтің айрықша ерекшелігі – тұтынушыларды тікелей сұрастыру. Қорытынды баға ең ірі тапсырыс беруші компанияларының ресми жауаптары негізінде, арнайы таңдалған қазылар алқасыз шығарылады.

2021 жылғы 4 сәуірде мұнай-газ кешеніне арналған жабдықтарды тұтынушыларын сұрастыру қорытындысы бойынша «KSP Steel» ЖШС компаниясы Ресей Федерациясының нарығында 2020 жылғы есепті кезеңде «Мұнай-газ түржиынындағы құбырлар» тобындағы үздік шетелдік жеткізуші болып танылды.