Технологиялық процесс

Өндірілген өнімді алдын ала аттестатаудан кейін, сапа сертификаты берілген құбыр дайындамалары көпірлі электрмагниттік крандар арқылы теміржол көлігімен құбыр илемдеу өндірісінің қоймасына балқымалар бойынша тиеп жөнелтіледі.

Құбырларды өндіру технологиясының схемалық көрінісі төмендегі суретте көрсетілген.

 

«KSP Steel» ЖШС ПФ ГОСТ 8731 бойынша

мұнай-газ құбырларын өндірудің технологиялық процесі

Ыстықтай илемдеу желісі – жіксіз құбырларды өндіруге арналған.

Үздіксіз құйылатын дайындаманы дайындау аймағында бірнеше өлшенген бөліктерге кесу үшін дайындаманың ұзындығы мен салмағы өлшенеді. Содан кейін өлшенген дайындама айналмалы пешке жіберіледі, мұнда ол 1280°C температураға дейін қыздырылады. Қыздырылған дайындама илемдеу кешеніне келіп түседі, оған мыналар кіреді: а) конустық біліктері бар тігін орнағы (құйма дайындаманы берілген өлшемдегі қуыс гильзаларға көлденең-бұранда тесуге арналған); б) гильзаларды тазартылмаған құбырға илемдеуге арналған алты екібілікті клетьтерден тұратын ұсталатын құралбіліктері үздіксіз орнақ, одан әрі үш клетьті алғыш орнақ (экстрактор) арқылы тазартылмаған құбыр құралбіліктен түсіріледі де, құбыр қалыпқа келтіру үстеліне жеткізіледі, мұнда ол 300-580°С температурасына дейін салқындатылады.

Құбырды қайта қыздыру пешінде 950°С дейін қайта қыздырғаннан кейін, тұтас илемделген құбырдың соңғы геометриялық өлшемдерін, сыртқы диаметрі мен қабырғасының қалыңдығын алу үшін құбырды 24 клетьтен тұратын кернеумен редукциялық орнаққа беріледі. Ыстықтай илемдеу желісінің соңғы учаскесінде құбыр салқындату үстелінде салқындатылады және дискілі аралар арқылы өлшемді ұзындықтарға кесіледі, кейін аралық қойманың стеллаждарына пакеттерге жиналады.

Құбырларды өңдеу учаскесі – термиялық өңдеудің екі желісінен және шеттерді түсіру желісінен тұрады.

Термиялық өңдеу желілері одан әрі жұмсартумен шыңдау арқылы материалдың механикалық қасиеттерін жақсартуға арналған.

Шеттерді түсіру желісі құбырдың түсірілген шетін диаметрмен алуға арналған.

Муфталарды өңдеу учаскесі – муфталарды дайындауға және өңдеуге арналған. Муфталарды өңдеу учаскесі келесі жабдықтардан тұрады: а) дискілі ара (құбыр дайындамасын муфта дайындамаларына кесуге арналған); б) 8 бұранда кескіш станок (бұранданың ішкі бетін өңдеуге және кесуге арналған); в) 3 бұзбай бақылау станогы (механикалық өңдеуден кейін муфта бетінің сапасын бақылауға арналған); г) фосфаттау станциясы (мырыш-фосфат жабынын жабуға арналған); д) таңбалау станциясы (муфталарды таңбалауға арналған).

Бұзбай бақылау учаскесі – құбыр өнімдерінің сапасын бақылауға арналған және үш желіден тұрады. Сапаны бақылаудың екі желісінде бойлық және көлденең ақаулықтардың болуына қарай құбыр денесінің электрмагниттік дефектоскопиялауы, ультрадыбыстық қалыңдық өлшеуі және ішкі қысыммен гидростатикалық сынақтар жүргізіледі. Үшінші желіде бойлық, көлденең, еңіс ақауларының, қат-қабаттардың болуына қарай ультрадыбыстық дефектоскопиялауы, сондай-ақ құбыр бетін 100% жабумен ультрадыбыстық қалыңдық өлшеуі жүргізіледі.

Құбырларды таза өңдеу учаскесі – құбырды таза өңдеуге арналған, оған мыналар кіреді: бұранданы кесу/құбырдың екі шетіндегі фаскасын түсіру, құбыр шеттерін магнит ұнтақты дефектоскопиялау, муфтаны бұрау, шаблон-дрифтермен ішкі диаметрді бақылау, өңделген шеттерді сақтандырғыш бөлшектермен жабдықтау, әр құбырдың салмағын өлшеу және ұзындығын өлшеу, таңбалау және қаптау